Kaspersky Security Center бағдарламасын ұйымның желісінде орналастыруды жоспарлау туралы

Бір Басқару сервері 100 000-нан аспайтын құрылғыларға қызмет көрсете алады. Егер ұйымның желісіндегі құрылғылардың жалпы саны 100 000-нан асса, орталықтандырылған басқаруды жеңілдету үшін иерархияға біріктірілген бірнеше Басқару серверлерін ұйымның желісіне орналастыру керек.

Егер ұйымның құрамында өз әкімшілері бар үлкен географиялық қашықтағы кеңселер (филиалдар) болса, осы кеңселерде Басқару серверлерін орналастырған жөн. Әйтпесе, мұндай кеңселерді тар арналармен байланысқан оқшауланған желілер ретінде қарастыру керек, "Типтік конфигурация: өзіндік әкімшілері бар бірнеше ірі кеңселер" бөлімін қараңыз.

Егер тар арналармен байланысқан оқшауланған желілер болса, мұндай желілердегі трафикті үнемдеу үшін бір немесе бірнеше Желілік агентті тарату нүктелері етіп тағайындау керек (тарату нүктелерінің санын есептеу үшін кестені қараңыз). Бұл жағдайда, оқшауланған желінің барлық құрылғылары осындай "жергілікті жаңарту орталықтарынан" жаңартулар алады. Тарату нүктелері Басқару серверінен (әдепкі жүріс-тұрыс) және интернет орналастырылған "Лаборатория Касперского" серверлерінен жаңартуларды жүктеп ала алады, "Типтік конфигурация: көптеген шағын оқшауланған кеңселер" бөлімін қараңыз.

"Kaspersky Security Center типтік конфигурациялары" бөлімінде Kaspersky Security Center типтік конфигурацияларының егжей-тегжейлі сипаттамасы берілген. Орналастыруды жоспарлау кезінде, ұйымның құрылымына байланысты, ең қолайлы типтік конфигурацияны таңдау керек.

Орналастыруды жоспарлау кезеңінде Басқару серверіне X.509 арнайы сертификатын белгілеу қажеттілігін ескеру қажет. Басқару серверіне X.509 арнайы сертификатын белгілеу келесі жағдайларда орынды болуы мүмкін (толық емес тізім):

Басына оралу